Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен 2021 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Мақсат Дауылбай «Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры лауазымына тағайындалды.
Мақсат Дауылбай 1996 жылы 12 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2017 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «журналист» мамандығы бойынша бітіріп, 2020 жылы «гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін иемденген.
Әр жылдарда облыстық филармониясында «сценарист», Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында» жетекші сарапшы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында» жетекші сарапшы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында бөлім басшысы, облыстық кәсіподақтар орталығының «Келешек жастар кеңесінің» төрағасы болып еңбек еткен. 2021 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Ал, осы уақытқа дейін «Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры қызметін атқарып келген Уәлихан Ибраев облыстық ішкі саясат басқармасының ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!