фото: gov.kz

Некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасыру үшін жауапкершілік күшейтілді. Мемлекет басшысы 2025 жылғы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Аталған Заң құқықтық қатынастарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған. Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң, яғни 2025 жылдың 12 наурызда қолданысқа енгізіледі.

Енгізілген өзгерістердің бірі – аумақтық әділет органдарының құзыретін кеңейту болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 695-бабына сәйкес ӘҚБтК-нің 491-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау құқығы әділет органдарына берілді.

Бұл құқық бұзушылықтарға некеге тұруға кедергi келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер ұсыну жатады. Неке институты қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болғандықтан, некеге тұру кезінде тараптардың бір-біріне қатысты маңызды ақпаратты толық әрі шынайы түрде ұсыну ерекше маңызға ие.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұл норм азаматтардың жаупкершілігін арттыруға және жалған ақпарат беру фактілерінің алдыналуға бағытталған.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

Айта кету қажет, қазіргі уақытта облыс көлемінде некеге отыруға кедергi келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру фактілері ақыталмаған.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы А.Жақсылық

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!