Жуырда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне Д. есімді азамат алынды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, сот үкімімен 200 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылған.

Азаматтың айтуынша, оқиға азаматтық некеде бірге тұратын әйелімен арада туындаған жанжал кезінде болған. Екеуінің арасында сөзге келіспеушілік орын алып, оның соңы әйелге жеңіл дене жарақатын салумен аяқталған.

– Барлығы ішімдіктің кесірінен болды. Ішімдік ішкен адамның ақыл-есі де, сабыры да болмайды екен. Сол сәтте өзімді ұстай алмай қалдым. Қателігімді толық мойындаймын, жасаған ісіме өкінемін. Бірақ бәрі кеш. Қазір сот тағайындаған жазаны өтеп, көше тазалау жұмыстарына қатысып жүрмін, – дейді сотталған азамат.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметіндегі 2 сотталған қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны қала әкімдігі белгіленген жерде тазалық жұмыстарын атқарып жүр. Күнделікті пробация қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!