KAZINFORM – Бүгін, 6 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен жолдастық матч өткізеді.
Кездесу ел астанасы – Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 19:00-да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін екі құрама сегіз мәрте кездескен еді. Алтауында армениялық футболшылар жеңіске жетіп, бір кездесу тең аяқталса, біреуінде отандастарымыз басым түсті.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).
Отандастарымыз бұдан кейін 9 маусымда Мажарстанмен сырт алаңда жолдастық кездесу өткізеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!