6 маусым күні Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жауын-шашын түсіп, бұршақ жаууы және дауылды жел соғуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріледі. Орталық және шығыс өңірлердің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +23…+25°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы. Күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C.
Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.
Қостанайда бұлтты ауа райы сақталады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
Петропавлда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C.
Семейде құбылмалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +31…+33°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +24…+26°C.
Таразда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +29…+31°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C.
Оралда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +30…+32°C.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
