Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің және «Қызық Орда» шығармашылық топ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, қала әкімінің қолдауымен көңілді тапқырлар алаңы жобасы аясында республикалық деңгейдегі ойыншы-редакторлардың қатысуымен семинар-тренинг өткізілді. 

         Аталмыш семинар-тренингті «Қорқыт Жастары» құрамасының ойыншылары, Нұрсұлтан қаласындағы республикалық көңілді тапқырлар алаңының қатысушылары, ректорлар Мағжан Мырзағұлов пен Әділбек Сапаров өткізді. Семинар-тренинг барысында 26 қараша күні өтетін жартылай финалға және 28 қараша күні өтетін финалға жолдама алған құрамаларға сахна мәдениеті және ойын мен әзілді жеткізу бағытында бағыт-бағдар беріп арнайы жұмыстарды үйлестірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!