Жаңақорған ауданының Жастар ресурстық орталығы және «Қызылорда облыстық Жастар одақтары» ҚБ ұйымдастыруымен Қараша айының 30-ы күні Жаңақорған ауданында «Жаңғырған Жаңақорған» атты TEDX конференциясы өткізілді.

Конференцияның спикері Кеңшілік Сабыржан ауданның белсенді жастарымен, үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесіп семинар-тренинг өткізген болатын.
Шетелдік тәжірибе, қоғамдағы волонтерлердің ролі, волонтерлік салаларының кеңдігі тақырыптарында өрбіген бұл кездесуде жастар жаңа заряд алып, ойлау көкжиектерінің артуына үлкен себепші болды деп толық айта аламыз. Осы жылмен волонтерлік қызмет тоқтап қалмайды, керісінше
келесі жылы да ауқымын кеңейтеді деп сенеміз. Қазіргі қоғамда волонтерлік брендін танымал етуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Осылайша волонтер болу қоғамда трендке айналады.

Жиынға қатысушылар Кеңшілік Сабыржаннан ойларындағы сұрақтарына жауап алып, ризалықтарын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!