Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мақаншы ауылынан 11 шақырым жерде, облыстық маңызы бар «Мақаншы-Жалаңашкөл» автожолында қардың қарқынды еруіне байланысты жолды су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік қозғалысы тоқтатылды, жүргізушілер айналма жолдар арқылы жүруі керек. Полиция департаментінің күшімен айналма жол бойынша қозғалыс жүзеге асырылады, тыйым салу белгілері қойылды.

«Елдімекендерде жол төсемінің шайылып кету қаупі және су басу қаупі жоқ. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті жерде ЖАО 50-ге жуық адам және 4 техника жұмыс атқарып жатыр. Қосымша Аягөз қаласының Жедел-құтқару жасағының және Мақаншы ауылының № 18 Өрт сөндіру бөлімінің күштері, жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралы, мотопомпа) жіберілді. Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин мен Үржар ауданының ТЖБ бастығы Бектығазы Саянов оқиға орнында. Жағдай бақылауда», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!