Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында болған.

Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді. Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!