Фото: ТЖМ

Ақмола облысында шағын қоймадан өрт шықты. Зардап шеккен күзетші ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 9 наурызда сағат 02:26-да Целиноград ауданы, Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын қоймадан өрт шықты. Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 бірлік техникасы Астана ТЖД жеке құрамынан 14 құтқарушы және 3 бірлік техникасы жөнелтілді.

Өртсөндірушілер үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің газ-жанармай құю станциясының моноблогына таралуын мүмкіндік бермеді, сондай-ақ, 2 Камазды, 2 тиегішті және 1 газ тасымалдағыштың өртенуін алдын алды, 10 газ баллон шығарылды.

Өрт сағат 03:24-те оқшауланды, сағат 03.54-те сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін күзетшіні ЖМЖБ-мен Астана қ. №1 ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!