Фото: polisia.kz

KAZINFORM – Өскемен қаласында жылы аялдама павильонынан адам мәйіті табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына қаладағы Назарбаев даңғылында орналасқан жылы аялдама павильонында адам мәйіті жатқандығы туралы хабар түсті.

«Полицейлер оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Павильон ішінен ер азаматтың мәйіті табылды. Болжам бойынша ол тұрғылықты мекенжайы жоқ адам. Оның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз», – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған. Ведомство дерегінше, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!