Фото: Қызылорда облыстық Полиция департаменті

KAZINFORM — Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.

Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылы тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған. «Toyota Alphard» автокөлігі жол бойында сиыр малына соққан. 

«Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен​ сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!