Сүйікті қаламыз Қызылорда қаласының туған күні қарсаңында 2020 жылдың 24-қараша күні республикалық «СЫР ЕЛІ» бірінші лига жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтті.

Қызылорда Жайдарман филиалының ұйымдастыруымен өткізілген бұл сайысқа жыл басында 30-ға жуық команда қатысуға ұсыныс білдіріп, қыркүйек-қазан айларында ширек және жартылай финалдық сайыстары өткізіліп, үздік деп танылған 9 команда ақтық мәреге жолдама алған болатын.

Үш кезеңді қамтыған ақтық мәреде арнайы алғыспен (қорытынды ұпайымен) төмендегі құрамалар марапатталды:

  • Алматы қаласы. С.Демирел университеті «SDU құрамасы» (9,7 ұпай);
  • Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі «ЖАТК құрамасы» (10,1 ұпай);
  • И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі «Арбаттың бойы» (10,2 ұпай);
  • Нұр-Сұлтанқаласы. ЕҰУ. «Дастан» командасы (11,3 ұпай);
  • Түркістан облысы Қазығұртауданы «АЙ 92» командасы (11,4 ұпай);
  • ҚР ТЖМ Атырау облысы ТЖД-нің құрамасы «Құтқарушылар» командасы (12,4 ұпай);

ІІІ ОРЫН  БҚО Ақсайқаласы «КварталАқсай» командасы (12,7 ұпай);

ІІ ОРЫН БҚО Орал қаласы «Талант» командасы (13,7 ұпай);

ЧЕМПИОНАлматы энергетика және электронды технологиялар колледжі «ЭнерGOOD» командасы (14 ұпай).

Биылғы жыл жалпы әлем үшін оңай жыл болған жоқ. Пандемия әсерінен көптеген салалар тұралап қалды. Жайдарман да көрерменімен қауыша алмады. Сахнаның сәнін командалар келтіргенмен, Жайдарманның жарасымы көрермендермен екеніне тағы бір көзіміз жетті. Зал толы ойындар мен қалыпты өмір салтына тезірек ораламыз деп сенеміз. Қауіпсіздік шараларын сақтап, денсаулыққа дұрыс қарап, сақтанып жүруге шақырамыз!

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық

орталығының маманы

Бекен Ғалымжанұлы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!