Фото: pixabay.com

Қазақстан ТМД елдері ішіндегі такси бағасы ең қымбат мемлекет. Елде бір жылда тариф бағасы 9 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Ал осы уақытта такси қызметін 47 млн-нан астам адам пайдаланған.

Арна мәліметіне сүйенсек, жолаушы саны жылдан-жылға біртіндеп қысқарып жатыр.

Ал аймақтар бойынша есептегенде ең жоғары тариф — Алматыда. Мегаполисте такси бағасы 30 пайызға өскен.

Екінші орынға Ақтөбе мен Абай облыстары жайғасқан.

Ал Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында баға өзгермепті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!