Арал ауданы Қосжар ауылдық округіндегі № 15 сайлау учаскесінде зейнеткер Лиза Болатова дауыс берді. Көпбалалы ана 100 дауыс беруші болып тіркелгендіктен сайлаушыға арнайы сыйлық табыс етілді.


-Мемлекетіміздің басшысын сайлау ел-халық үшін мәні зор науқан. Сайлауға ауыл тұрғындары белсенді қатысуда. Мен де қалаған үміткеріме өз дауысымды бердім. Бүгінгі сайлауда 100-ші тұрғын ретінде сайлау уческесі тарапынан сыйлық берілгені күтпеген жағдай болды. Еліміз өсіп-өркендеп, көркейе бергей.

Лиза Болатова,
көпбалалы ана

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!