Жалағаш ауданында ғасыр жасаған әже БәтиАманбаева №149 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Еңбек ардагері саяси науқанда өз таңдауын жасап, өзгелерге үлгі көрсетті. 102 жастағы Еңбек аулының тұрғыны Бәти Аманбаева 7 баланы тәрбиелеп, 25 немере, 14 шөпшек сүйді.
Жалпы ауданда 26 сайлау учаскесі, 21 мыңнан астам сайлаушы бар. Қазіргі уақытқа дейін сайлаушылардың 36,3 пайызы өз таңдауларын жасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!