2023 жылы елімізде жанар-жағармай бағасы көтеріліп кетпей ме? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Болат Ақшолақов жауап берді, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр жанар-жағармай бағасы маңызды сұрақтың бірі екенін атап өтті.

– «Қазіргі бұйрықтың күші 2023 жылғы 9 қаңтарда аяқталады. Шешімге сәйкес АИ-92, АИ-93 және дизель отынының бағасын өзгертпейміз. Келесі үш тоқсан бойы қазіргі бағаны сақтап қалу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деп қысқа жауап берді Болат Ақшолақов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!