Бүгін облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен Текей Батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті, превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмін жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері бойынша жастарға мол мағлұмат берді. Шара соңында Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлер мен тұтас қоғамның аталған мәселедегі рөлін айшықтап, жемқорлықпен күресте заң талаптарының орындалуына атсалысуға шақырды. Шарада арнайы әзірленген видеороликтер көрсетілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!