Қазақты қылады еңселі ел,
Керағар ойларды жеңсе егер.
Рухани жаңғыру жолында
Босамай жатыр ғой кеңселер.

Ойлары халықпен аралас,
Бағдары, байламы шамалас.
Осынау алдағы жылдарға,
Сенімін артады бар Алаш.

Бұндай да түседі еске кім,
О, қиын шақтарға «қош!» дедім.
Ұлы бір мұратқа жеткізер
Шынын да, мен де осы көштемін

Осынау шақтар да…
Ауыр бір жүктен ел арылып,
Мәдениет, дәстүрім танылып.
Қанша ма ұлт келеді о, сонда
Қазақты тануға ағылып.

Ұлттық код – ең басты мақсатың,
Өркениет, өнерің – бақ-сатың.
Қазағым қарыштап өсе бер,
Шықсыншы әрдайым жақсы атың.

Балауса Алдабергенова,

№107 орта мектептің 11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!