«Жастар Рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Абылай хан» жоғары колледжінде «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы аясында студенттермен кездесу өтті.

Мақсат – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру.

Кездесуге Қызылорда облысы  қорғаныс департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша орынбасары А.Алмасұлы, Ауған соғысының ардагері Ғ.Такенұлы қатысып жастармен пікір алмасты.

– Біздің алдымызда бабалардың игі дәстүрлерін сақтайтын, әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.  Әскери тәрбие жұмыстарында Қарулы күштер арда­герлерінің еңбегін ерекше атап өткен абзал. Олардың қызметтік, жауынгерлік тәжі­рибесі осындай тәрбиелік маңызы бар іс-шараларда жастарды ынталандыруы қажет. Жастарды  Отан алдындағы борышын өтеуге шақырамын, – деді ауған соғысының ардагері Ғалымжан Такенұлы.

Сонымен қатар облыстық қорғаныс департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша орынбасары А.Алмасұлы құқықтық және әскери тәртіпті сақтау, қарулы күштердің қоғамдық ұйымдармен, оның ішінде сарбаздардың өзара қарым-қатынасын жетілдіру бағытындағы жұмыстар, әскери қызметкерлерге арналған бағдарламалар жөнінде қатысушылармен ой бөлісті.

– Еліміздегі кез келген азаматтың Отан алдындағы борышын өтеу – қасиетті парызы деп есептеймін. Бүгінгі кездесуде келген қонақтармен пікір алмасып, әскери өмірге қатысты сұрақтарымызға жауап алдық. Менің алға қойған мақсатымның бірі – Отан алдындағы борышымды адал атқарып, туған жер үшін қызмет ету, – деді студент Диас Жомартұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!