Бесінші наурызда Қазақстанда АХАТ (ЗАГС) қызметкерлері күні атап өтіледі.
Биыл еліміздің АХАТ органдарының құрылғанына – 103 жыл. Қазір олар Азаматтық хал-ауқатын тіркеу бөлімдері деп аталады.
Ресми тарихқа жүгінсек, 1921 жылғы 5 наурызда Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің декреті қабылданған.
1970 жылы 1 қаңтарда Қазақ КСР-нің «Неке және отбасы туралы» кодексі қолданысқа енгізілді, соның негізінде неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу тек мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын болды.
АХАТ органдарын бірнеше ұрпақтың жылнамашысы деп атауға да болады. Адам өміріндегі негізгі оқиғалар – туу, некеге тұру, бала асырап алу, әкелікті анықтау, некені бұзу, қайтыс болу, сондай-ақ атын, әкесінің атын, тегін өзгерту АХАТ органдарында міндетті түрде тіркелуге жатады.
Бүгінгі күні де азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының толық және уақытылы тіркелуін қамтамасыз ету – АХАТ органдарының басты міндеті.
2023 жылдың 1 шілдесінен АХАТ органдары азаматтарға арналған Азаматтарға арналған үкімет/ Правительство для граждан мемлекеттік корпорациясы құзырына берілді.
АХАТ органдарының мамандары өздерінің адал еңбегімен және заңдарды сақтауымен жоғары әлеуетті мемлекет пен елдің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға үлес қосуда.
Барша АХАТ қызметкерлерін және бүкіл еңбек өтілі АХАТ саласында өткен құрметті ардагерлерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймын!
Сіздерге денсаулық, бақ-береке, жаңа жетістіктер тілеймін!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!