Дүние келген сәттен бастап көзі көрмейді.

Бұл ақпаратты айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі тікелей эфирде жария етті, деп хабарлайды Экспресс К.

«Сүйінші! Айнұр Тұрсынбаева меценат құрбыларымен бірге әнші Кенжебек Нұрдолдайға үш бөлмелі пәтер сыйлайтын болды», — деп жазылған әлеуметтік желідегі парақшада.

Айнұр Тұрсынбаеваның қаржылай көмегімен баспанаға қол жеткізген Кенжебек Нұрдолдай есімді зағип жігіт. Қаршайдынан музыкаға құштар өнерпаз ерекше вокалдық қабілетке ие. Бүгінде жастар арасында өте танымал. Оның «Шоколад» атты әні Tiktok-та трендте тұр.

Айта кетейік, Кенжебек Нұрдолдай — Қарағанды облысының тумасы. Дүние келген сәттен бастап көзі көрмейді. Оған «көру жүйкесінің атрофиясы» диагнозы қойылған. Әнші жігітке баспана сыйлаған Айнұр Тұрсынбаева енді Түркиядағы кәсіпкер достарымен бірлесіп, оның қос жанарына ота жасатуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Кенжебек, келуге дайынсың ғой? Мамаңды Түркияға алып келсеңші, шет елге шығарсаңшы. Ұшаққа билетін мен өз мойныма алайын. Түркиядағы толық шығыныңды төлейді. Емделуге мүмкіндік бар, операция жасайды десе, бәрін Сәтжан мырза өз мойнына алып отыр», — деді Айнұр Тұрсынбаева.

Кенеттен үш бөлмелі пәтердің иесі болуға, тіпті денсаулығының жақсаруына жәрдемін тигізуге ниетті жандарға зағип жігіт ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!