Фото: Арман Мухатов – архив

Ақмола облысында алимент төлемегені үшін борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астрахан ауданы прокуратурасының талдау нәтижелері бойынша алимент төлемегені үшін 2 борышкерлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарғаны анықталды.

Мысалы, «Р» борышкері 2019 жылдан бастап алимент төлемені үшін Астрахан аудандық сотының қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Берешек 5 млн теңгеден астам соманы құрады. Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтыруды жалғастырған.
Осыған байланысты, «Н» борышкеріне қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сотпен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және
жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындалды, – делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндеттерін 3 айдан астам орындамағаны үшін
ҚК 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі
қылмыстық жаза көзделген.

Алиментті уақтылы және толық төлеу – бұл әр ата-ананың парызы. Бұл міндеттің іске асырылуын прокуратура органдары ерекше бақылауда ұстайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!