Университетке оқуға түсіремін деп 32 талапкерді алдаған алаяқ Албанияда ұсталды. Жас түлектерден қыруар қаржы жымқырған қылмыскер елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті ҰБТ-ға дайындаймын деп алдап, 28 миллион теңгеден астам қаражатты қалтасына басқан.

Қылмыс жасағаннан кейін шетелге ізін суытып үлгерген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың мамыр айында күдікті Албанияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

«Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», делінген хабарламада.

Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада талапкерлерді оқуға түсіремін деп алдап кеткен ЖОО қызметкерлерінің бірі ұсталған еді. Ол әр азаматтан 900 мыңға дейін ақша жымқырған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!