Фото: Синьхуа

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы Ибинь қаласының әкімшілік бағынысты Гаосянь уезінде 5,5 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар туралы хабарлама келіп түскен жоқ, деп хабарлайды KAZINFORM Синьхуа порталына сілтеме жасай.

Ибинь қаласы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету штабының мәліметінше, он үш адам жеңіл жарақат алды, ал 196 адам эвакуацияланып, уақытша пунктерге орналастырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!