Алматыдағы балабақшалардың бірінде балаларды шашынан жұлып, оқтаумен ұрған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Алматы полиция департаменті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған Б. есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда Жетісу ауданды полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Алматыда балабақшалардың бірінде қатыгез тәрбиешінің балаларға қол көтерген бейнежазбасы таралған болатын.  Видеодан оның балаларды құлағынан тартқанын, тіпті біреуінің ерні қанталап кеткенін байқауға болады. Тәрбиеші сондай-ақ кішкентай қыздардың шаштарынан жұлқылап, тыныштандырады. Бір уақыттан кейін оқтаумен келіп, оларды ұра бастайды. 

Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР ҚК-нің 140 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаған. 

Ата-аналар отырған чатқа тәрбиеші байқамай бейнежазбаны өзі салып жіберген.

«Тәрбиеші балаға «идиот» деп айтып жатқанын видеодан көрдік. Бәрі содан басталған. Содан кейін ата-аналардың бірі баламның ауызы уылды, аузына тұз тыққан деп жазды. Баланы қылқындырып, аузына тұз салғанына дейін камерадан көрініп тұр», – деген ата-ана.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!