Әуезов ауданындағы төрт қабатты тұрғын үйден өрт шықты, – деп хабарлады turkystan.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 қаңтар күні сағат 18:21-де Әуезов ауданы 7-ықшамауданында орналасқан №4 үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Баспалдақ алаңында улы түтін болғандықтан, тұрғындар шыға алмай, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді, өрттің үшінші қабат пен шатырға таралу қаупін туғызды. ТЖД күштерімен өрт сөндіру барысында 10 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды, – деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, құтқарушылар жанып жатқан пәтерден 25 литрлік 1 газ баллонын алып шықты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!