Алматыда ұлттық домбыра күніне орай әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Халық күйшілерімен қатар, өзге ұлт өкілдерінің домбырада ойнағанына көрермендер куә болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Күйшілер ұлттық аспапты дәріптеп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушылар өнерпаздарға кішігірім сыйлық табыстады. Іс-шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары мен студенттері, дәстүрлі өнер майталмандары, дәулескер күйшілер, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, қала жастары қатысты.

Қазіргі таңда домбыраны көпшілік арасында, әсіресе жастарға насихаттау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Осы ретте, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы мен Т.Жүргенов атындағы өнер ордасы осындай игі шарадан тыс қалған жоқ. Әр қазақ Ұлттық аспаптың құлағында ойнауы керек. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Ұлттық домбыра күніне арналған шара биыл да жалғасын тапты. Шараның ерекшеліктерінің бірі – халық күйшілері қатысты. Бұрыннан бері дәстүрлі домбыраны насихаттап, республикаға танымал домбырашылардан бөлек ел арасында орындаушылық, күйшілік өнерімен танылған азаматтарды шақырдық, – дейді «Қазақстан Орыс мәдени орталығының» төрағасы Всеволод Лукашев.

Еске салайық, Алматыда ұлттық домбыра күнін мерекелеу қаланың бірнеше аудандарында да өтеді:

Әуезов ауданында «Ұлттық домбыра күні» мерекелік флешмобы 2 шілде күні сағат 09:00-де Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайы бойынша аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.

– Алатау ауданында «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» мерекелік концерті Ұлттық домбыра күніне орай 2 шілде күні сағат 11:00-де Нұркент 5/11 шағын ауданындағы дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталықта өтеді.

– Жетісу ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған «Алтын домбыра – Жетісу әуені» жанбасына қаржыландыру аясында балалар арасындағы байқау 2 шілде күні сағат 12:00-де Серіков көшесі, 2 мекенжайындағы «Гүлдер» саябағында өтеді.

– Медеу ауданында 30 домбырашы мен Медеу ауданының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының қатысуымен шағын флешмоб 1 шілдеде сағат 10: 00-де, Зенков көшесі жағынан 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді.

– Наурызбай ауданында «Домбыра party» мерекелік концерті 30 маусым күні сағат 19:00-де Шұғыла, 347-дегі аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.

– Түрксіб ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб 1 шілдеде сағат 10:00-де, Сейфуллин даңғылы 13/1 бойындағы №6 оқушылар үйінің алдындағы алаңда өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!