Алматы тұрғыны 12 жастағы ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 1981 жылы туған әйел өзінің 12 жастағы ұлын пышақтап өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Аталған дерек Алмалы ауданының полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді.

«Сондай-ақ әйелдің бұрынғы күйеуіне ішіне жын кіріп, ұлын соның қолымен өлтіргені туралы аудио хабарлама жолдағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам бұрынғы әйелінің үйіне келіп, екеуінің денесін тапқан»,- деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелі соңғы айларда психикалық аурумен ауырған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!