Эльдар Жұмағазиев «AMANAT» партиясының хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Эльдар Жұмағазиев 1973 жылы 12 мамырда дүниеге келген. Атырау Мұнай және газ институтының түлегі.

2007 жылы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірді. 1996 жылдан 2002 жылға дейін коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарды атқарды.

2002-2006 жылдары Атырау облысы ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы болды.

2006-2011 жылдары «Атырау-Ақпарат» медиахолдингін, 2011-2012 жылдары Атырау облысының ішкі саясат басқармасын басқарды.

2014 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында түрлі қызметтер атқарды, басқарма төрағасының кеңесшісі, аппарат басшысы, басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.

2020 жылдың қараша айынан бастап «ADAL» партиясының Хатшысы қызметін атқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!