Танымал актриса, блогер Анар Батырхан болашақ жарына қоятын талаптарын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

«Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат берген әртіс еш жағдайда да ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.

Жасым 30-ға келді. Бірақ қанша жерден сүйіп қалайын, ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпаймын. Талабым сондай. Себебі ауылдың жағдайына шыдамаймын. Кішкентайымнан қалада өстім, сондықтан Алматының жігіті керек. Тіпті басқа қалаға да көшпеймін,

— деді әртіс.

Сондай-ақ ол болашақ күйеуінің табысы қандай болуы керектігі туралы да сөз қозғады.

Тағы бір талабым — менің болашақ жарымның табысы менен бірнеше есе көп болуы тиіс. Әйелінен аз табатын күйеуді еркек деп айта алмаймын. Қазір мен айына 5-6 миллион теңге табамын, демек күйеуімнің табысы осыдан кем болмауы керек,

— деді Анар Батырхан.

Бұған дейін жігітінің қолынан тамақ жегенін көрсеткен тележүргізуші Диана Скатов халықтан оңбай сөз естіген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!