Белгілі әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қалалық мәдениет бөлімі басшысының орынбасары болып тағайындалды.  Бұл туралы әншінің құрбысы Индира Елубаева хабарлады.

«Менің досым Ақбота Шымкент қалалық мәдениет бөлімі бастығының орынбасары болды», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!