Шағын яхта 1-ықшам аудандағы «Бриз» клубының айлағында батқан.

Фото: Lada.kz (видеодан алынған кадр)

Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында яхта суға батып кетті, деп хабарлайды Lada.kz.

Су көлігінің батып бара жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, шағын яхта 1-ықшам аудандағы «Бриз» клубының айлағында батқан.

«Яхта батып барады. Иесі үшін бұл ауыр қайғы ғой», – дейді видео авторы.

Қайықтарды жалға беретін компания келеңсіз оқиғаның болғанын растады.

«Яхта судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», – деді компаниядан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!