Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ақтауда шала туған нәресте кәрізден табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағын ауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шала туған балаға шамамен 3-4 ай болған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді», – деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!