Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі басты проблемаларды көтеріп, Үкімет пен министрлерді сынады. Тіпті кей министрлерге сөгіс жариялады.

Президенттің айтуынша, күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жартыжылдық нәтижеден көріп отырғанын баса айтқан ол инфляцияның да бірорында тұрмағанына тоқталды. Одан бөлек, елдегі азық-түлік бағасының өсуіне де байланысты өз пікірін білдірді.

Тіпті аса қажетті саналатын, соның ішінде білім, медицина, өнеркәсіп, ауыл-шаруашылық салаларына тоқталып, азаматтардың табысын арттыру және адам капиталын дамыту, белгілі аймақтарда халықты жұмыспен қамту, көші қон саласын реттеу деген сияқты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар отандық тауардың сауда орындарына кедергісіз шығарылуын қамтамасыз ету керек екенін де нақты айтты.

Әсіресе Ресей нарығын тастап кеткен шетелдік компаниялардың Қазақстанға қоныс аударуына жағдай жасау керектігін, олардың құны жоғары сапалы тауарлары өндірісті арттыруға жақсы мүмкіндіктер беретінін айтқан тұсы құлағымызға жа,ымды естілді. Бұл дегеніміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тұрмыстық жағдайымызды қалыпты ұстауға септігін тигізген болар еді.

Арман Мәжитов,

Аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!