7 қаңтарда Арқалықта полицей 5-қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

Таңғы 05:30-да қаланың Жедел басқару орталығына өтіп бара жатқан адамдардан қыздың балконнан тайып құлағаны туралы ақпарат түскен. Бірақ қыз темірден ұстап үлгерген.

“Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Капсаматов жетті. Жағдайды бағамдап, Алмат Әмірхан далада қалып, ал серіктесі бесінші қабатқа көтерілді. Осы кезде ілініп тұрған қыз бесінші қабаттан құлап кетті. Төменде тұрған полиция қызметкері оны қағып алуға ұмтылып, өз денесімен соққыны жұмсартып қалған. Осының арқасында 29 жастағы қала тұрғыны зардап шеккен жоқ”, – делінген хабарламада.

Полиция қызметкері Алмат Әмірхан түрлі дене жарақатын алған. Аяғын зақымдаған тәртіп сақшысына медициналық көмек көрсетілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!