6 ақпан күні Талдықорғанда Көктал шағын ауданында 18 жастағы жігіт өз әкесін ас үй табасымен ұрып өлтірген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Cурет ашық дереккөзден

Полиция деректерінше Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған.

“Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген.

ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді”,- деп жазды ведомство. 

Қазір іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!