Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот жас баланың өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша шешім шығарды.

 «Ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің үш жасар баласымен жалғыз қалғанда, оған кенеттен қасақана ауыр дене жарақатын салған, оқиға соңғысының өліміне әкеп соқтырды. Қылмыс жасаған кезде сотталған адамда медициналық куәландыру қорытындысымен психоактивті затты, атап айтқанда трамадолды қолдану фактісі анықталды», – делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.

Сот үкімімен ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адам кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!