Фото: Pixabay

Астанада бағдаршамның сары түсіне өткен жүргізушілерге айыппұл салына бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Екі аптада осындай жүздеген дерек тіркелген. Ал айыппұл көлемі – 36 920 теңге.

Ережені бір жылда қайта бұзғандар 55 380 теңге айыппұл төлейді, ал 7 күн ішінде төлесе 50 пайыз жеңілдік бар.

Өткен жылы бағдаршамның сары түсіне өткені үшін жол апатына ұшыраған 3000 жағдай тіркелген.  6 адам қаза тауып, 250 адам жарақат алған.

Егер бұл шара оң нәтижесін беріп, жол апаты азайса, онда еліміздің басқа қалаларында да сары түске өткен жүргізушілерге айыппұл енгізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!