Фото: ашық дереккөзден
Қала әкімдігі қашықтан жұмыс істеу форматын ұсынып жатыр.
Себебі 3-4 шілде күндері елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Демек бұл күндері қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі деген сөз. Әсіресе, шетелден меймандар келіп жатқанда, Астана жолдарында кептеліс болмау керек.
«Сол үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады», деп жазылған ресми хабарламада.
3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!