Ақпаратқа сүйенсек, күдікті ішкі ағзадан қан кетуі салдарынан көз жұмған.

Әлеуметтік желіде Атырау қаласында 13 жастағы қызды зорламақ болған күдікті ұсталған жерінде ішкі ағзадан қан кетуі салдарынан камерада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды taulik.kz.

«6 желтоқсанда жасөспірімді зорламақ болған жерінде ұсталған адамның қамауда қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапты екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, факт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жүргізіліп жатыр», – деді полиция өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!