16 желтоқсан күні жоғалған жігіттің денесін Қаракөлден 22 шақырым жердегі Өмірәлі қаласындағы бейіттердің арасынан қойларын далада іздеп жүрген шопан тауып алған.

Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылының 24 жастағы тұрғынының денесі табылды. Марқұмның мәйітін шопан тауып алған, деп хабарлайды “Ақ Жайық” порталы.

20 қараша күні таңғы уақытта 1998 жылы туған жас жігіт үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алғашында азаматты іздеуге Төтенше жағдайлар департаменті мен полицияның ірі күші жұмылдырылып, кейіннен «ҚазАвиаСпас» АҚ тікұшағы қосылған, бірақ нәтиже болмағандықтан, біраз уақыттан соң іздеу жұмыстарының кезеңі қысқартылған еді.

16 желтоқсан күні жоғалған жігіттің денесін Қаракөлден 22 шақырым жердегі Өмірәлі қаласындағы бейіттердің арасынан қойларын далада іздеп жүрген шопан тауып алған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!