Павлодар қаласында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz сайты.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні сағат 11.26-да Ломов көшесі, 45 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.
– Автокөлік тұрағында 1998 жылы шыққан «Mitsubishi Galant» 14 көлігінің мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, электр сымдары жанған, салонның жалпы ауданы 5 шаршы метр аумағы толығымен өртенген, – дейді департамент.
Сағат 11.39-да өрт жойылды. Оқиға орнына жеке құрамнан 5 адам және 1 техника шықты.
Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!