Ағымдағы жылдың 27 мамыр – 3 маусым аралығында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» атты рейд-акциясы жүргізілуде.

Акцияның мақсаты – облыс аумағындағы ашық жатқан люктерге, аулаларды жарықтандыруға, қозғалыс қауіпсіздігі үшін жаяу жүргінші жолына рейд жүргізу.

Рейд жұмыстарына «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партиялық бақылау комиссиясы, аудандық партия филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері және «Jas Otan» ЖҚ белсенділері қатысуда.

Рейд жұмыстары аясында анықталған мәселелерді шешу мақсатында ұсыныстар жауапты сала мамандарына жолданып, алдағы уақытта аңықталған кемшіліктердің уақытылы, сапалы түзетілуі партия тарапынан жіті қадағалауды болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!