Екі жасар ұлын үшінші қабаттағы пәтердің балконынан құлатып алған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 қаңтарда болды. Әйел мас күйінде болған деп болжануда.

«ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішпен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға беріледі», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, бала  ауыр жарақат алмаған, өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Анасы – 2003 жылы туған Риддер тұрғыны. 

Естеріңізге салсақ, осыған дейін анасы үйден балкон арқылы шықпақ болып, баласын қолынан түсіріп алғаны хабарланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!