Ілгеріде сондай сағыз болды. Қазір көрінбейді. Жарықтық өзі де көлемдірек еді. Ауыз толатын. Шайнағанда жақ шіркін әдепкі қарқынынан бірден айырылып, қозғалысы қиындайды. Сиырдай күйсеп отыруға үлкен хәл керек бұған. Ондайда не істейсің?! Амал жоқ, ауыздан қимай шығарып, құлақ сыртына жапсыра қоясың. Жағым сәл демалсын деген ниет қой. Кейде алып шайнайсың, кейде ұмытасың. Ұмытпайсың ғой, қара басып ұйықтап қаласың. Құдай қос қолдап ұрды дей бер мұндайда. Өйткені ұйқысырап жатып, бір аунағаныңда құлақтан әлдеқашан сусып түскен сағызың самай тұсыңа езіле жабысар еді.

Нағыз ақырет сонда басталады. Таза шүберекті керосин (солярка не жермай дейді біздің елде) толы ыдысқа батырып, самай тұсыңды амалсыз үйкей берер ең…

ҚАЙРАН, БИГБАБЛ! Бала кезде бар тиыным саған ғана жетсе, сен ыстық болмай қайтесің…

Ержан ҚОЖАС

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!