Қазір ақпарат алу жеңілдегенімен, терең мазмұнның, рухани байлықтың кілті – кітапта екені ақиқат. Мұны ескерген ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапханаға табан тіреп, танымдық экскурсия жасады.
Болмысты босаң, танымды тар етпейтін кітаптан көкейге түйеріміз көп. Бұл ретте кітапханашы Жанат Қараманова әр бөлімнің жұмысын таныстырып, шежіреге бай тарихты да тарқата айтты.
Басылымдағы орнықты ой да оқырманды олжалы етіп келеді.
Демек, баспасөздің – бөспе сөз еместігі анық. Қызметкерлердің түрлі газет-журналға айрықша назар салғаны да сол. Сондай-ақ, сөреден көңілі қалаған кітаптың мазмұнына да үңілді. Өзара талқылап, қызығушылық танытқаны да – құптарлық іс.
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшенің аға инспекторы әділет майоры Динара Шахидың айтуынша, қызметкерлер арасында тәртіппен қатар құндылықты да дәріптеуге ерекше ден қойыла бермек.
З. Қонысжан
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!