Фото: Руслан Өтепбайдың парақшасындағы видеодан алынған кадр

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары «Көреміз» бағдарламасына айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Құндыз бен Назгүлді арнайы құттықтап барды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тележүргізуші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, жазба жариялады.

«Көктем мерекесі – айнала әрленіп, қыздар жақындарынан жылы сөз естіп, сүйіктілерінен сыйлық алатын шақ. Әсіресе 8 наурыз мерекесін жаныңа жақын жандармен өткізгенге не жетсін…

Алайда Назгүл мен Құндыздың бұл фәниде бір-бірінен басқа ешкімі жоқ. Сондықтан әпкелі-сіңлінің көңілін көтеріп, сұрсыз күндерін сәндеу үшін гүл шоқтары мен тәттілерді алып, кіріп шықтым. Қыздар марқайып қалғандай…

Ағайын, қос қыздың тағдыры сіздірге де сабақ, үлгі-өнеге болсын. Қысқа ғана өмірде бір-бірімізге демеу, бауырларымызға медеу болып жүрейік!» – деп жазды журналист.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!