ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «биыл Жаңа жыл корпоративтерін өткізуге тыйым салына ма?» деген сұраққа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.

«Әзірге жоқ. Аурудың ондай өсімі байқалып отырған жоқ», – деді министр.

Сонымен қатар Ажар Ғиният адам көп жиналатын жердің бәрінде маска киюге кеңес берді.

«Вирустық инфекциялар, коронавирус инфекциясы өршіп келеді. Апталар бойынша қарасақ, тәулік сайын 200-ден астам ауру жұқтыру оқиғалары тіркелетінін көріп отырсыздар. Біз адам көп жиналатын жердің бәрінде маска киюге кеңес береміз», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!