Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны құқыққорғаушыларға алаяқтық туралы хабарлады. Ер адам танысы өзінен уақытша BMW көлігін сұрап, қайтармағанын айтты деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өңір тұрғыны танысы өзінен BMW көлігін алғанын түсіндірді. Артынша ол бір айға жуық уақыт түрлі себептер айтып, темір тұлпарды қайтармаған.

Тәртіп сақшылары аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тұрақты мекенжайы бойынша ұсталды. Оның досынан көлік алып, 12 млн теңгеге сатып жібергені, ақшаны жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны анықталды. Қазір полицейлер аталған жайттың мән-жайын тексеріп, азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Құқыққорғаушылар азаматтарға алаяқтық куәгері болған жағдайда 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!